График работы:
с 08:00 - до 18:00

Ауруханамызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге және алдағы республикалық референдумның міндеттеріне арналған іс-шара өтті. Ұжым Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын және тарихи шешім қабылдауда әрбір азаматтың рөлін талқылады.

Негізгі заңның жаңа мәтіні адамға бағдарланған сипатқа ие. Адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияның ең жоғары басымдығы әрі мазмұндық өзегі ретінде бекітіледі. Преамбулада бірлік, ынтымақ және ұлтаралық келісім ерекше атап өтіледі. Өзгермейтін құндылықтар ретінде Егемендік, Тәуелсіздік, унитарлық құрылым және елдің аумақтық тұтастығы айқындалған.

Алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы бекітіліп, адвокатура және адвокаттық қызмет туралы жеке бап енгізіледі. Адам капиталын дамытуға – білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларға ерекше назар аударылады. Мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипаты айқын көрсетіледі. Неке – ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екендігі туралы норма бекітіледі.

Негізгі жаңашылдықтардың қатарында 145 депутаттан тұратын, 5 жыл мерзімге пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру, сондай-ақ Вице-Президент институтын енгізу және жалпыұлттық диалогтың жаңа алаңы – Халық Кеңесін қалыптастыру көзделген.

Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекеттілікті трансформациялаудың маңызды кезеңі болмақ. Түпкілікті шешімді ел азаматтары 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумда қабылдайды. Жаңа Конституция жобасы – тарихи құжат және қоғамның ішкі сұраныстары мен сыртқы сын-қатерлеріне жауап беретін қоғамдық келісімнің заманауи моделіне көшу. Алдағы референдум туралы барлық ақпарат referendum2026.kz сайтында қолжетімді.
Полезные ссылки