График работы:
с 08:00 - до 18:00

№3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматологиялық бөлімшесінде «Қызыл код» жарияланған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтауға арналған практикалық оқу-жаттығу өтті.

«Қызыл код» өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде жарияланады.

Оқу барысында қызметкерлер қауіп туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін, хабарлау тәртібін және пациенттерді, оның ішінде қозғалысы шектеулі адамдарды эвакуациялау жолдарын пысықтады. Сондай-ақ дүрбелеңге жол бермей, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі әрекет ету ережелері түсіндірілді.

Өрт қауіпсіздігі шаралары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге әртүрлі жағдайларда қандай құралдарды қолдану қажеттігі түсіндіріліп, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану тәртібі тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Мұндай практикалық оқу-жаттығулар қызметкерлердің қажетті дағдыларын бекітіп, төтенше жағдайда жылдам, сабырлы әрі үйлесімді әрекет етуге дайын болуына көмектеседі. Өйткені сын сағатта әрбір қызметкердің дұрыс әрекеті қауіпсіздікке тікелей әсер етуі мүмкін.

Полезные ссылки